Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Оның қарсыласы жұбаныш кезеңінен соң белгілі болады

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Астана қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен әлем чемпионатында екінші жарыс күнінің жартылай финал белдесулері басталды.

Отандасымыз Жәмила Бақбергенова (-72 кг) Қытай балуаны Зелу Лимен ақтық сынға берілер жолдаманы сарапқа салды. Алма кезек шабуылмен өткен кездесуде тәжірибелі қазақ балуаны қарсыласына жол берді. Есеп: 2-4.

Енді ертең Ұлттық құрама спортшысы қола медаль үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы жұбаныш кезеңінен соң белгілі болады.

Бүгін іріктеуде Жәмила Молдова өкілі Эмилия Кречунды, сосын ширек финалда Украина өкілі Надия Соколовсканы айқын басымдықпен жеңді.

Жалпы Бақбергенова осыған дейін ересектер арасында -72 кг салмақта 3 рет әлем чемпионатының ақтық сынында белдесіп, күміс жүлдегер атанған (2021, 2022, 2024 ж). Сонымен қатар 2023 жылы 3-орыннан көрінген.

Финалдар ертең сағат 18:00-де басталады. Жарысты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам