Ризабектің қола жүлдеге таласуға үміті бар
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұқан бірінші белдесуінде ресейлік Абдулрашид Садулаевтан 4:1 есебімен жеңіліп қалды.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының басты фавориттерінің бірі саналған Ризабектің қола жүлдеге таласуға үміті бар. Ол үшін Садулаев финалға дейін сүрінбей жетуі керек.
Айта кетейік, Абдулрашид Садулаев – Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің алты дүркін чемпионы. Ол осы әлем чемпионатында 97 келідегі негізгі төрт фавориттің бірі.