Жәмила Бақбергенова Астанадағы әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Отандасымыз Жәмила Бақбергенова Махиро Ёситакемен қола жүлдені сарапқа салды

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Астана қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен кезекті салмақтың жүлдегерлері анықталып жатыр.

Отандасымыз Жәмила Бақбергенова Махиро Ёситакемен қола жүлдені сарапқа салды. Алма кезек шабуылмен өткен кездесуде отандасымыз жапон палуанына жол берді. Есеп: 4-6.

Бақбергенова осыған дейін ересектер арасындағы әлем чемпионатында 4 медаль еншілеген. Ол -72 кг салмақта 3 рет әлем чемпионатының ақтық сынында белдесіп, күміс жүлдегер атанған (2021, 2022, 2024 ж). Сонымен қатар 2023 жылы 3-орыннан көрінген.

Кеше іріктеуде Жәмила Молдова өкілі Эмилия Кречунды, сосын ширек финалда Украина өкілі Надия Соколовсканы айқын басымдықпен жеңген. Жартылай финалда Қытай палуаны Зелу Лиге есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам