U20 әлем чемпионы Едіге Қасымбек Астанада түрік балуанына есе жіберді

Едіге Қасымбек Астанадағы әлем чемпионатында жарысты аяқтады

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек Астанада өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында ширек финалға шыға алмады.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Түркия өкілі Хакан Бүйікчингилмен кездесті. Белдесу қорытындысы бойынша Едіге 1:11 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, U20 әлем чемпионы атанған қазақстандық балуан елордадағы жарыста жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.

Айта кетейік, Едіге Қасымбек алғашқы белдесуінде грузиялық Александре Абрамишвилиді мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам