Асыл Айтақын камбэк жасап, әлем чемпионатының ширек финалына шықты

1/8 финалда Әзербайжан өкілі Нуреддин Новрузовпен кездесті

UWW
UWW

Қазақстандық балуан Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді.

Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Әзербайжан өкілі Нуреддин Новрузовпен кездесті.

Тартысты өткен белдесуде Асыл Айтақын 5:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің аяқталуына 0,1 секунд қалғанда отандасымыз 2:4 есебімен ұтылып жатқан еді. Алайда соңғы сәтте сәтті әдіс жасап, есепті өз пайдасына өзгертті.

Осылайша, Асыл Айтақын әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алу үшін күреседі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам