Ақтық сында Дмитрий Панарин үндістандық Манав Чоудхаримен кездесті
Қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин бадминтоннан Лусакада (Замбия Республикасы) өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.
Отандасымыз аталған жарыста финалға дейін жетті. Ақтық сында Дмитрий Панарин үндістандық Манав Чоудхаримен кездесіп, қарсыласына 2:1 (21:19, 14:21, 20:22) есебімен жол берді.
Ал БАӘ өкілдері Бхарат Латиш мен Дев Вишну жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.