Қазақстандық таеквондошылар Хорватияда үш медаль жеңіп алды

Алғашқы алтын жүлдені Нұрай Амангелді жеңіп алды

ҰОК
ҰОК

Қазақстан құрамасының спортшылары Хорватия астанасы Загребте өткен Zagreb Croatia Open халықаралық турнирінде екі алтын және бір күміс медаль иеленді.

Алғашқы алтын жүлдені Нұрай Амангелді жеңіп алды. 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық таеквондошы хорватиялық Сара Рогиннен басым түсті.

Құрама қоржынына екінші алтынды 68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Балгерім Өтеген салды. Шешуші белдесуде ол Франция өкілі Сейни Санеден мықты болды.

Ал 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сабина Тyртyлова күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшы финалға дейін жеткенімен, жарыс қожайыны Сара Жижичке есе жіберді.

Айта кетейік, биыл Zagreb Croatia Open турнирі 30-рет ұйымдастырылды. G1 санатындағы жарыс World Taekwondo халықаралық күнтізбесіне енген.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам