Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Ризабек Айтмұқанға үш бөлмелі пәтер сыйға берілген – Спорт министрлігі

15.03.2024, 12:59

Бұған дейін MMA шебері Артем Резников спорт шенеуніктерін қатаң сынаған еді

Ризабек Айтмұқанға үш бөлмелі пәтер сыйға берілген – Спорт министрлігі
Instagram/@kazakhstan__wrestling

Еркін күрестен Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанға осы жетістігі үшін пәтер сыйға тартылған. Бұл туралы Спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп Tengri Sport сайтының тілшісіне айтқан.

Ризабек 2023 жылы Сербияда өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын. Бұрын соңды еліміздің ешбір балуаны мұндай жетістікке жетіп көрмеген.

«Айтмұқан мемлекеттен 15 мың доллар сыйақы алды. Халықаралық күрес федерациясы (UWW) бокстағы секілді әлем чемпиондарына қаржылай жүлде бермейді. Ол (Ризабек Айтмұқан – авт.) елге оралғаннан кейін Қазақстанның күрес федерациясы оған үш бөлмелі пәтер сыйға тартты», - делінген аталған хабарламада.

Еске салайық, күні кеше MMA шебері Артем Резников Ризабек Айтмұқанға тиісті құрмет көрсетілмегенін айтып, Қазақстан билігін сынаған болатын. Ол әлем чемпионы болған боксшыларға 200 мың АҚШ доллары берілгенін, ал Ризабекке небәрі 15 мың доллар берілгенін айтты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам