Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Ризабек Айтмұқан Астанаға көшетін болды

15.03.2024, 13:21

Оған Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді

Ризабек Айтмұқан Астанаға көшетін болды
Massaget.kz

Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан тұрақты мекен-жайын ауыстыратын болды. Ол Алматыдан Астанаға көшіп, алдағы жарыстардың бәрінде елорда атынан сынға түсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Instagram желісіндегі almaty.wrest парақшасында жазылған.

Айта кетейік, әлем чемпионатынан кейін Ризабек салмағын 92-ден 97 келіге ауыстырды. Жаңа салмақта ол ел чемпионатына қатысып, күміс жүлдегер атанып үлгерді. Ал, жуырда Түркияда өткен халықаралық турнирде Айтмұқан әлем чемпионы Ахмед Тажудиновтен таза жеңіліп, үшінші орын алды. Тажудинов – Бахрейн атынан күресіп жүрген дағыстандық балуан.

Сондай-ақ, Ризабек Айтмұқанның Сербиядағы әлем чемпионатынан кейін Астанадан үш бөлмелі пәтер алғаны да белгілі болып отыр. Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріптің айтуынша, балуанға 15 мың АҚШ доллары мен Күрес федерациясы атынан аталған баспана сыйға берілген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам