Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Даңқты балуан Абдулрашид Садулаевты ХОК Париж Олимпиадасына қатыстырмайтын секілді

04.04.2024, 10:10

Ресей күрес федерациясы оның орнына басқа балуанды ұсынды

Даңқты балуан Абдулрашид Садулаевты ХОК Париж Олимпиадасына қатыстырмайтын секілді
Wrestlersarewarriors.com

Ертең Бакуде күрес түрлерінен өтетін Еуропа бойынша лицензиялық турнирге Абдулрашид Садулаев қатыспайтын болды. Халықаралық Олимпиада Комитеті жарысқа аз ғана уақыт қалғанда осындай шешім шығып отыр.

3 сәуір күні Біріккен күрес әлемі UWW ХОК шешімі туралы Ресейдің күрес федерациясына хабарлаған.

«Халықаралық Олимпиада комитеті кезекті рет халықаралық жарысқа қатыстырылмайтын спортшылардың тізімін жариялады. Өкінішке қарай, оның арасында Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаев та бар. Ол Бакуге барған күннің өзінде жарысқа қатыстырылмайды. Себебі ХОК осындай шешім шығарып отыр. Осы ретте бізге шұғыл түрде Біріккен күрес әлемі қауымдастығы (UWW) хабарласып, Садулаевты алмастыратын балуанды қатыстыруға мүмкіндік берді. Қысқа мерзім ішінде Бакуде еркін күрестен 97 келіде Әлихан Жабраилов күреседі деп шештік. Садулаевты қатыстырмау туралы шешімді ХОК өзі қабылдап отыр. Ал UWW керісінше оның күресуіне қолдан келген барлық мүмкіндікті қарастырып отыр», - деді Ресей күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили.

Айта кететін жайт, Садулаев таяуда Румынияда өткен Еуропа чемпионатына қатысуға барып, кеденшілер оны шенген визасына қатысты мәселе бар деп жарысқа жібермей қойып еді. Осылайша ол Еуропа біріншілігіне қатысуға барып тұрып, әуежайдан кері қайтты.

«Қазіргі уақытта Ресей балуандарының алдында Олимпиада лицензиясын міндетті түрде иелену тапсырмасы тұр. Бұл – біздің басты спорттық принцип! Осыдан кейін біз Париж Олимпиадасына қатысамыз ба әлде жоқ па деген мәселені қарастырамыз», - деді федерациясы басшысы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам