Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Юрий Мельниченко классик балуандардың жолдама алу мүмкіндігі туралы айтты

04.04.2024, 12:38

Бішкекте өтетін лицензиялық турнир 19-21 сәуірге жоспарланған

Юрий Мельниченко классик балуандардың жолдама алу мүмкіндігі туралы айтты
sports.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Мельниченко Бішкекте өтетін лицензиялық турнирден қанша жолдама алу мүмкін екенін атады. Olympic.kz тілшісіне берген сұхбатында белгілі маман қазіргі уақытта  дайындықтың қалай жүріп жатқанына да тоқталды.

Бас бапкердің мәліметінше, жаттығу жұмыстары  жоспар бойынша жүріп жатқан көрінеді. 

«Алматыда ашылған олимпиадалық даярлау орталығында бірнеше жаттығу жиынын өткіздік. Соңғы жиынымыз 30 наурызда аяқталды. Енді жігіттер 7 сәуір күні сол базаға қайта оралады. Осы бір ультра заманауи спорт кешенінің өте ыңғайлы екенін айтқым келеді. Жаттығуға барлық жағдай жасалған, кешен әлемдік талаптарға  толығымен сай», - деді ол.

Бас бапкер қазіргі уақытта құрама мүшелерінде тек бір ғана жолдама барын алға тартты. 

«Қазіргі таңда команда қоржынында бір жолдама ғана бар. Лицензия иегері Нұрсұлтан Тұрсынов қазіргі таңда жеке жоспарымен Ресейдің Новосибирск қаласында жаттығып жатыр. Қасында жеке бапкері және спарринг өткізетін командаласы Евгений Поливадов бар. Бүгін ғана онымен сөйлесіп, әрі қарайғы жаттығу жоспарын талқыладық. Мұнда Ресейдің мықты деген балуандары да дайындалуда. Сондықтан, бұл жиын Тұрсынов үшін жемісті болары сөзсіз», - деді Ю.Мельниченко. 

Дегенмен, бас бапкер қырғыз жерінде Париж Олимпиадасына жолдама беретін жарыста отандастарымыз қанша медаль алуы мүмкін екеніне жауап берді. 

«Лицензиялық турнирге қатысатын балуандардың деңгейі жаман емес. Бәрі де жарақатсыз, қандай да бір кедергісіз жаттығуда. 21 сәуір күні жолдама үшін кілемге шығады. Қазір нақты осынша лицензия аламыз деп айта алмаймын. Барлығы да жолдама иеленсін деген тілегім бар», - деді бас бапкер.

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін лицензиялық турнир 19-21 сәуірге жоспарланған. Бұған дейін әйелдер күресінен құраманың бас бапкері Қайрат Сағадиев Бішкекте бұрымды балуандарымыз 2 жолдама алады деп жоспарлап отырғанын атаған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам