Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Дизайнерлер спортшыларымызды Олимпиаданың алғашқы күні-ақ жығып бермек пе?

11.04.2024, 14:23

Олардың ұсынған киім нұсқалары қоғам тарапынан қатаң сынға ұшырады

Дизайнерлер спортшыларымызды Олимпиаданың алғашқы күні-ақ жығып бермек пе?
Фото ашық дереккөзден

Париждегі жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурс қайта жарияланды. 

Негізі киім дизайнының конкурсы ақпан айында басталған, бірақ дизайнерлердің ешқайсысының жұмысы комиссия көңілінен шықпады. Тиісінше бұл байқаудың күші жойылды.

Бір қарағанға, Милан, Париж сән апталықтарына қатысып жүрген, он саусағынан өнер тамған шеберлеріміз көп секілді, алайда еліміздің абыройы сыналатын төртжылдықтың бас додасында Қазақстанның атынан шығатын құрама үшін ұсынылған киімдер дизайны шынымен да адам шошырлық.

Қатысушылар әлем назары ауатын аламанда спортшыларымызды алғашқы күні киімімен-ақ жығып беруді мақсат тұтқан тәрізді. «Адам көркі шүберек» демеуші ме еді. Ұсқынсыз, сапасыз киім адамның сеніміне де кері әсер етері анық.

Әлеуметтік желіде тараған «Жүзбай дизайн» компаниясының эскиздері ұсынылған нұсқалар арасында тәуірі деп танылған екен.

Сонда спортшыларға ұлттық нақышта сапалы, көрсең көз тоятындай киім тігетін шеберлер қалмағаны ма?

Қайта жарияланған байқауда бұл олқылықтың орнын толтыратын дизайнерлер табыла ма екен?! Оны енді Спорт және дене шынықтыру комитеті, Ұлттық олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, даңқты спортшыларымыз бен БАҚ қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы анықтайды.

Ал комиссия төрағасы – Спортты дамыту дирекциясының директоры Ерлан Естек.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам