Жарыстың алтыны үшін Ризабек Айтмұқан күреседі
Еркін күрестен 57 келіде өнер көрсететін қазақстандық балуан Мейрамбек Қартбай Бішкекте өткпі жатқан Азия чемпионатында үшінші орын алды.
Жартылай финалда жерлесіміз жапон балуанынан жеңіліп қалған болатын. Ал, қола жүлде үшін болған белдесуде Мейрамбек қытайлық Вей Лиді 7:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан (97 келі) бүгін финалда Бахрейн атынан күресетін экс-ресейлік балуан Ахмед Тажудиновпен күреседі. Олардың екеуі де әлем чемпионы. Осыдан бір ай бұрын Түркияда өткен халықаралық жарыста қазақ балуаны Ахмед Тажудиновтен жеңіліп қалған еді.