Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Ризабек Айтмұқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

11.04.2024, 20:37

Ол осымен Азия чемпионатында екі рет екінші орын алды

Ризабек Айтмұқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
olympic.kz

Ризабек Айтмұқан Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында бахрейндік Ахмед Тажудиновке есе жіберді. 97 келіде өткен финалдық белдесуде отандасымыз 4:2 есебімен жеңіліп қалды.

Дегенмен, бұл сында Ризабек өзін тереурінді балуан ретінде көрсете білді. Алғашқы кезең 2:1 есебімен Ризабабектің пайдасына аяқталған еді. Бәрақ, екінші үш минуттық сында Тажудинов 3 ұпай иеленіп, алға шықты.

Екі балуан осыдан бір ай бұрын Түркиядағы турнирдің жартылай финалында белдесіп, Тажудинов уақытынан бұрын ұтқан еді. Бұл ретте Ризабектің жаңа салмаққа бейімделіп келе жатқанын ерекше атауға болады.

Айта кететін жайт, қазақстандық балуан осымен екінші рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр.

Сондай-ақ, 79 келіде күрескен Азамат Өміржанов Азия чемпионатында қола жүлдесі үшін белдесуде есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам