63 кг салмақта белдескен Ержет Жарылқасын финалда жапон балуаны Аята Сузукиді жеңді
Грек-рим күресінің шебері Ержет Жарылқасын Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында алтын медаль иеленді.
63 кг салмақта белдескен Ержет Жарылқасын финалда жапон балуаны Аята Сузукиді жеңді. Ержет Жарылқасын турнирдегі алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея балуаны Док Юнг Джунды 6:4 есебімен ұтса, ширек финалда Сауд Арабия спортшысы Хавсавиден 8:0 есебімен басым түсті.
Кейін жартылай финалда Солтүстік Корея өкілі Чан Кимді қапыда қалдырып (5:3), финалға өткен еді.
Айта кетейік, Бішкектегі Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шеберлері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде еншілесе, әйелдер күресінен сынға түскен балуандар 4 қола медаль жеңіп алды.