Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан балуандары Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр

olympic.kz
olympic.kz

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында грек-рим балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов ирандық Насер Ализадемен күресіп, 5:0 есебімен жеңіліп қалды. 

87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов жарысты ширек финалдан бастаған болатын. Отандасымыз бұл сында Оңтүстік Корея спортшысы Сеунгван Лиді 9:0 есебімен жеңген болатын. Ал финалға шығар сында Өзбекстан балуаны Рахимжон Узоковтан 9:0 есебімен басым түсті.

Бүгін белдескен балуандар арасында Ержет Жарлықасын чемпион атанды. Сонымен қатар, 77 келіде Ибрагим Магомеов қолаға ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам