Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Айдос Сұлтанғали Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді

21.04.2024, 17:55

Бүгін төрт балуанымыз жартылай финалға шыққан болатын

Айдос Сұлтанғали Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді
Olympic.kz

Бішкекте өтіп жатқан лицензиялық турнирде грек-рим күресінің балуаны Айдос Сұлтанғали жеңіске жетіп, Олимпиада жолдамасын иеленді.

Отандасымыз шешуші белдесуде Қытайлық Тайпей балуаны Джуи Хуанды уақытынан бұрын (10:0) ұтып, Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Айдос Сұлтанғали бүгін іріктеу кезеңдерінде Ирак балуанын 9:0, Тәжікстан өкілі Асламжон Азизовты 2:1 есебін ұтып, жартылай финалға шыққан болатын.

Бүгін белдескен отандық балуандар арасында 60, 67, 77, 130 келідегі балуандар жартылай финалға шықты. Ал 97 келіде Олжас Сырлыбай жолдамадан тыс қалып, іріктеу кезеңдерінде сүрінді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам