Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Мәжіліс депутаты «Шаңырақтағы» спорт мектебінің тозығы жеткенін айтты

06.11.2023, 16:42

Күрес залында татами де жоқ

Мәжіліс депутаты «Шаңырақтағы» спорт мектебінің тозығы жеткенін айтты
sport-shanyraq.edu.kz

Алматыдағы «Шаңырақ» шағынауданында орналасқан спорт мектебінің ахуалы сын көтермейді. Ғимараты әбден тозған, спортшыларға қажетті құрал-сайман жоқтың қасы. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов айтып отыр.

Депутаттың сөзінше, аталған спорт мектебіндегі күрес залында татами де жоқ екен. Боз кілемді федерациядан уақытша сұрап әкелген. Оны да қайтару қажет.

«Небәрі 15 жыл бұрын салынған ғимарат тозып кеткен. Әсіресе оқушылар жататын жатахананың жағдайы сын көтермейді. Сылақтары түсіп, есіктері сынып, іші күңгірт тартып тұр», - дейді халық қалаулысы өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, «Шаңырақ» шағынауданында 2007 жылдың жазында Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен 6,3 га аумақта «Дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат» ашылды. 2012 жылы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі РММ мәртебесін алды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам