Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз». Тоқаев Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады

17.06.2024, 14:45

«Уимблдон» теннис турнирінің жеңімпазы 25 жасқа толды

«Теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз». Тоқаев Елена Рыбакинаны туған күнімен құттықтады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның туған күніне орай құттықтау хат жолдады.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Уимблдондағы және басқа да беделді халықаралық жарыста тамаша жеңістеріңізбен қазақстандық теннис тарихы беттерінен ойып орын алдыңыз. Алдағы уақытта да жанкүйерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға және ілгерілетуге үлес қосатыныңызға сенімдімін. Сізге зор денсаулық пен құт-береке тілеймін, - делінген құттықтауда.

Айта кетейік, Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады. Елена Рыбакина төртінші орынға жайғасты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам