Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Халықаралық турнир: Астанаға 150-ге жуық дзюдошы келеді

17.06.2024, 16:19

Жарыс 20 жасқа дейінгі жастар арасында 7 салмақ дәрежесінде өтеді

Халықаралық турнир: Астанаға 150-ге жуық дзюдошы келеді
ijf.org

22 маусым күні Астанада дзюдодан Данияр Макишевті еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтеді.

Аталған додаға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусь және Өзбекстаннан 150-ге жуық дзюдошы қатысады деп күтілуде.

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары  мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады. І орын алған спортшы - 500$, екінші орынға ие болған спортшы - 350$, ал үшінші орынға ие болған жүлдегер 200$ АҚШ долларына иелік етеді.

Жарыс 20 жасқа дейінгі жастар арасында 7 салмақ дәрежесінде өтеді. Ұлдар 60, 66, 73, 81, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.

Данияр Макишевті еске алуға арналған халықаралық турнир Kazakhstan Judo Team YouTube арнасынан тікелей трансляцияланады.

Айта кетейік, бұл жарыс Қазақстан жастар ұлттық құрама командасының әлем чемпионаты алдындағы дайындық додасы болып саналады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам