U8 санатында Ризат Ұлан (1733) 7½ ұпай жинады
Қазақстандық Ризат Ұлан 8 жасқа дейінгі шахматтан Азия чемпионы атанды. Бір қызығы, жас шахматшы 8-ші раундтан кейін жастар арасындағы 26-шы Азия чемпионатының аяқталуына 1 тур қалғанда қарсыластарын жеңді.
19 маусымда өтетін соңғы турдың нәтижесіне қарамастан, Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық 8 жасар Ризат Ұлан мен 9 жасар Алиса Генриэтта Юнкер (ФИДЕ) жеңіске жетті.
U8 санатында Ризат Ұлан (1733) 7½ ұпай жинады. Теориялық тұрғыдан бір ұпайға артта қалған Мохаммад Таха Малакнежад (1655) оны қуып жетуі мүмкін, бірақ ұпай теңдігінің басты критерийі жеке кездесудің нәтижесі есепке алынады, ал Ризат 6-шы раундта ирандықты ұтты.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын рапид жарысының алғашқы жеңімпаздары белгілі болған. Рапидте алтын медаль иегерлері – 4 қазақстандық, 3 ФИДЕ (Ресей) шахматшысы, Үндістан (3), Вьетнам (1) және Ираннан (1) келген жас шахматшылары болды.
650-ге жуық азиялық жасөспірімдердің басын қосқан ауқымды чемпионаттың жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 20 маусым күні сағат 19.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.