Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Усик IBF белбеуін Джожуа мен Дюбуаға сыйлады: енді ол абсолютті чемпион емес

26.06.2024, 15:04

Қос боксшы енді аталған нұсқаның әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығады

Усик IBF белбеуін Джожуа мен Дюбуаға сыйлады: енді ол абсолютті чемпион емес
instagram.com/usykaa

Соңғы жекпе-жекте украиналық боксшы Тайсон Фьюриді жеңген болатын Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы Александр Усик IBF тұжырымдағы белбеуінен бас тартты. Ол бейнежазба арқылы өзінің қарсыласы болған британиялық Энтони Джошуа мен Дэниэл Дюбуаға үндеу жолдады.

Аталған қос боксшы енді аталған нұсқаның әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығады.

«Энтони мен Дэниэл, мені тыңдаңдар! IBF титулының сендерге қаншалықты маңызды екенін білемін. Бұны 21 қыркүйекке менен сыйлық деп қабылдаңдар! Украина жасасын!», - деді Усик әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбада.

Дэниэл Дюбуа 1 маусым күні Филипа Хрговичпен кездесіп, оны 8-раундта нокаутқа түсірген болатын. Ол осылайша аса ауыр салмақта IBF нұсқасының уақытша чемпионы атанды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам