Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Арыстанбек Мұхамедиұлы меншіктеп алған спорт мектебін қайтарып берді

19.07.2024, 11:19

Аталған нысанның құны 1,2 млрд теңгені құраған

Арыстанбек Мұхамедиұлы меншіктеп алған спорт мектебін қайтарып берді
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

11 жылға сотталған экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының иелігіне өтіп кеткен спорт мектебі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Аталған нысанның құны 1,2 млрд теңгені құраған.

"17 шілдеде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді. Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге дейін төмендету бойынша заң бұзушылықтар расталды", - деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің әкімшілік ғимараты, спорт залдары және басқа да құрылыстардың көлемі 7,6 мың м2 құраған. Сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектепке Арыстанбек Мұхамедиұлына жақын тұлғаларға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014-2019 жылдары еліміздің мәдениет және спорт министрі лауазымын атқарды. Ол 2022 жылдың мамыр айында қамауға алынып, 2024 жылдың наурыз айында 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам