Мергендер де бұл күні бағын сынайды
Париждегі Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен сайысқа түседі. Атап айтқанда, бокс, дзюдо, садақ ату және винтовкамен нысана көздеуден отандық атлеттерге жанкүйер боламыз.
1 тамызға арналған жарыс кестесі:
Садақ ату, ерлер. 1/32 финал
Дзюдо, 100 кг дейін (ерлер). Іріктеу кезеңі, финал
Оқ ату, әйелдер (винтовка, 50 метр, үш қалыпта). Іріктеу
Бокс, 50 кг дейін (әйелдер). 1/8 финал
Бокс, -92 кг (ерлер). 1/4 финал
Садақ ату, ерлер. 1/32 финал
Бокс, 63,5 кг дейін (ерлер). 1/4 финал