Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Жүлде қоры 100 мың доллар»: Алматыда дзюдодан клубтар арасында халықаралық турнир өтеді

05.12.2023, 09:27

Жарысқа әлемге танымал балуандар келеді

«Жүлде қоры 100 мың доллар»: Алматыда дзюдодан клубтар арасында халықаралық турнир өтеді
olympic.kz

Алматыда дзюдодан клубтар арасында JenysCup турнирі өтеді. Әлемнің бірнеше мемлекетінен 17 клуб қатысатын сынның жүлде қоры 100 мың долларды құрап отыр. Бұл сында әлемдік дзюдо жұлдыздары белдесетіні анықталды.

Айта кететін жайт, турнир Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 21 желтоқсанда өтеді. Ал қатысушы клубтар сапында Лука Майсурадзе, Гурам Тушушвили, Елдос Сметов, Ерлан Шеров, Сомон Махмадбеков, Жансай Смағұлов, Тато Григашлашвили сынды белгілі дзюдошылар бар.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды. Дода кезінде топ жарған клубқа – 30 мың, екінші орынға – 30 мың, үшінші орынға 10 мың АҚШ доллары табысталады. Сондай-ақ, бірнеше арнайы сыйлықтар тағайындалған.

Дзюдодан клубтар арасындағы бәсеке осыдан 10 жыл бұрын Астанада өткен болатын. Сол сында Қазақстан клубы финалда украиналықтармен кездесіп, финалда жеңіске жеткен еді. Аталған сында Азамат Мұқанов, Ержан Шынкеев, Георгий Зантарая, Елдос Сметов, Сергей Лим, Максим Раков сынды балуандар татамиге шыққан еді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам