Сабина Алтынбекова өз ұлынан үлкен мотивация алатынын айтты
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова үлкен спорттан кетпейтінін, келесі маусымда тағы да Араб лигасында өнер көрсететінін мәлімдеді.
Айта кетейік, ақтөбелік спортшы күйеуге шыққаннан кейін біршама спорттан қол үзіп қалған болатын.
«Босанғаннан кейін үш ай қалыпқа келіп, жаттығуды бастап кеттім. Сәтті өнер көрсетіп, командаммен бірге Араб лигасын жеңіп алдық. Ең бастысы, менде қазір үлкен мотивация – менің басты жанкүйерім – балам бар. Қазір мен жаңа маусымға дайындалып жатырмын, оның сәтті боларына еш күмәнім жоқ, Иншалла», - деп жазды Алтынбекова өзінің Instagram-парақшасында.
Айта кету керек, қазір Сабина Алтынбекова Дубайдың «Әл-Васл» клубында өнер көрсетеді.