Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Нариман Құрбановқа Ұйғыр ауданында көлік сыйлады (ВИДЕО)

22.09.2024, 10:03

Бұған дейін оған бірнеше автокөлік пен пәтер сыйға берілген еді

Нариман Құрбановқа Ұйғыр ауданында көлік сыйлады (ВИДЕО)
olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа көрсетіліп жатқан құрмет толастар емес. Бұл жолы Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шоңжы ауылында спортшыны ерекше күтіп алды.

Нариман Құрбанов пен жұбайы Аида Бауыржановаға және әкесі әрі бапкері Хусанжан Құрбановқа жергілікті тұрғындар ерекше құрмет көрсетті: олар ұйғырдың ұлттық киімін киіп, музыкалық аспабында ойнады. Кәсіпкер Кинталь Исламовтың атынан спортшыға көлік мінгізді. Әкесіне де сәйгүлік сыйлады.

Бұған дейін Алматының Билалдин Ушуров бастаған кәсіпкерлері отандық спортшыға 2 бөлмелі пәтерге сертификат табыс еткен болатын.

Оның алдында қала әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласынан екі пәтер берген. Оның біреуін әкімдік, екіншісі демеушілердің есебінен болды.

Айта кетейік, жақында Нариман қазақ қызы Аида Бауыржановаға үйленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам