Тізімде танымал адамдар аз емес
Қазақстандық еркін күрес балуаны Ералы Әбдірашев қоғамда резонанс тудырған «Айканың тізіміне» қалай енгенін айтып берді.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қазнетте «Айканың тізімі» деген атаумен Word форматындағы құжат жарияланды. Онда биыл жазда ұсталған сутенер келіншектің клиенттерінің тізімі бар деп айтылады. Тізімде кәсіпкерлермен бірге эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың және балуан Ералы Әбдірашевтің аты-жөндері де бар.
«Мен бұл тізімге қашан және қалай кіріп кеткенімді білмеймін. Ешқашан мұндай қыздардың қызметін пайдаланған емеспін. Менің атыма кір келтіргендерді жазалау үшін міндетті түрде арыз жазамын. Тіпті, мен клиенті болған күннің өзінде бұл менің жеке мәселем. Сондықтан, кінәлілердің барлығы заң аясында қатаң жауапқа тартылуы керек», - деді спортшы.
Әзірге құзырлы органдар бұл тізімге қатысты ешқандай ресми ақпарат таратқан жоқ.