Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Шавкат Мирзиёев пен күйеу баласы олимпиадалық комитетті басқаратын болды

26.11.2024, 10:12

ҰОК басшысы қызметін атқарған Рустам Шаабдурахманов 2022 жылғы ақпанда отставкаға кеткен

Шавкат Мирзиёев пен күйеу баласы олимпиадалық комитетті басқаратын болды
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев елдің Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

25 қарашада ҰОК-тің 41-Бас ассамблеясы өтті. Іс-шараға премьер-министр Абдулла Арипов, Президент әкімшілігі департаментінің басшысы Одил Абдурахманов, спорт министрі Адхам Икрамов, Азияның олимпиадалық кеңесінің вице-президенті (ОСА) Отабек Умаров, бас ассамблея мүшелері мен федерациялардың басшылары қатысқан.

Отырыста Ұлттық олимпиада комитетінің басшылық құрамы жасақталды.

Бұған дейін ҰОК басшысы қызметін атқарған Рустам Шаабдурахманов 2022 жылғы ақпанда отставкаға кеткен. Содан бері бұл міндетті спорт министрі Адхам Икрамов қоса алып жүрген болатын.

«2028 жылы Лос-Андежелесте өтетін Олимпиада ойындарына тыңғылықты даярлықты қамтамасыз ету мақсатында және еліміздегі олимпиадалық отбасының мыңдаған мүшесінің өтінішін ескере отырып, ҰОК басшысы лауазымына Өзбекстан Республикасының президенті Мирзиёев Шавкат Миромонұлын ұсынылды. Кандидатураны делегация мүшелері бірауыздан қолдап, Ш.М. Мирзиёев Өзбекстанның ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы болып сайланды», — делінген мәліметте.

Ал Мирзиёевтің кіші күйеу баласы Отабек Умаров төарағының бірінші орынбасары атанды.

Бұдан бөлек Ойбек Касимов бас хатшы болып қайта сайланса, Шерзод Ташматов ҰОК төрағасының орынбасары болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам