Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Тамақ пісірмегеніме 9 жыл болды – Абиба Әбужақынова

28.11.2024, 12:51

Спортшы қыз шетелде жүргенде ұлттық тағамды сағынатынын атап өтті

Тамақ пісірмегеніме 9 жыл болды – Абиба Әбужақынова
Видеодан кадр

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова журналист Ақырыс Сейтқазының Youtube арнасына берген сұхбатында  ас үйден алыстап кеткенін айтты.  

«Көбі мені тамақ пісіре алмайды деп ойлайтын шығар. Жоқ, жасай аламын. Бірақ тамақ пісірмегеніме 9 жыл болды. Мен интернатта оқығанда бізге тегін тамақ беретін. Ал университетте жүргенде қыздармен пәтерде тұрдым, тамақты солар жасайтын. Өйткені мен жаттығудан кеш келетінмін. Қазір енді тамақты анашым пісіреді, мен жасамаймын. Ұмытып қалған шығармын», - деді Әбужақынова.

Спортшы қыз шетелде жүргенде ұлттық тағамды сағынатынын атап өтті.

«Шетелдерде көбіне фаст-фуд жейміз. Ал елге келгенде сүйікті тамағыңды сағынып жейсің. Ең сүйікті тағамым палау», - дейді дзюдошы қыз.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам