Волейболшы индонезиялық клубпен жеңіске жетуді көздеп отыр
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Индонезияның Yogya Falcons клубының капитаны атанды. Ол енді шетелдік клубта өнер көрсетеді.
«Мен үшін Yogya Falcons командасының капитаны болу – үлкен құрмет. Бүкіл командаға, жаттықтырушыларға, менеджерлерге, клуб директорына көрсеткен сенімі үшін алғыс айтамын. Капитан болу мен үшін жаңа нәрсе емес, сондықтан бұл міндеттің қаншалықты жауапты екенін жақсы білемін. Сенімді ақтаймын. Бүгін алғашқы ойынымызды өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Қателіктер де болды, бірақ біз оларды түзетуге дайынбыз және 2025 жылғы Пролигаға дайындаламыз. Алда үлкен жеңістер, жаттығулар күтіп тұр», – деп жазды Алтынбекова Instagram парақшасында.
Бұған дейін ол шетелдік клубпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеген еді.