Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

Экс-қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг TOP-6 турнирінде тағы да чемпион атанды

05.02.2025, 20:15

Ол аталған турнирдің екі дүркін чемпионы болып отыр

Экс-қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг TOP-6 турнирінде тағы да чемпион атанды
olympic.kz

Моңғолияда дзюдодан дәстүрлі TOP-6 турнирі өтіп жатыр. Бұл турнирдің ерекшелігі – оған әр салмақта үздік 6 дзюдошы ғана қатысады. 

Аталған жарыс Ұлан-Баторда биыл екінші рет ұйымдастырылып жатыр. Алғашқысы былтыр қараша айында өткен болатын.

Турнирде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, экс-қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг те өнер көрсетті. Ол 38 келіде жарыс жеңімпазы атанды. Қараша айында да ол ТОП-6 турнирінің чемпионы атанған еді.

Бүгін Отгонцэцэг бес белдесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Алғашқы төрт қарсыласын ол мерзімінен бұрын ұтса, финалдық белдесуде Ганбаатар Наранцэцэгтен ұпай санымен айласын асырды.

Айта кетейік, Отгонцэцэг 2024 жылы Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Моңғолия азаматтығын алуға өтініш берген. Ол 2021 жылы кәсіби мансабын аяқтап, Қазақстаннан көшіп кеткен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам