Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

Алматыдағы PWL турниріне қатысатын балуандардың толық тізімі жариялады

09.02.2025, 18:45

Турнир ақпан айының 25-күні Алматыдағы Балуан Шолақ аренасында өтеді

Алматыдағы PWL турниріне қатысатын балуандардың толық тізімі жариялады
коллаж: 1bol.kz

Алматыда өтетін кәсіпқой күрес лигасы (PWL 8) турниріне қатысатын балуандар белгілі болды. Тізімде барлығы 20 балуан бар, оның үшеуі – қазақстандық, он жетісі – шетелдік. 

Қатысушылар арасында Олимпиада, әлем чемпиондары және жүлдегерлері бар.

Турнир барысында 11 кездесу болады. Күрес ережесі бойынша әр жұп 6 минуттан белдеседі. 

Айта кетейік, Кайл Снайдер мен Айк Мнацаканян екі белдесуден өткізеді. Ал, қалған балуандар бір реттен күреседі.

Еркін күрес

  • Кайл Снайдер (АҚШ, Олимпиада және әлем чемпионы) — Ризабек Айтмұқан (Қазақстан, әлем чемпионы)/Алихан Жабрайлов (Ресей, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы);
  • Азамат Дәулетбеков (Қазақстан, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, 3 дүркін Азия чемпионы) — Магомедхабиб Кадимагомедов (Беларусь, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері);
  • Ахмед Усманов (Ресей, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы) — Авбентил Кенчадзе (Грузия, әлем чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері).

Грек рим күресі

  • Луис Орта Санчес (Куба, Олимпиада және әлем чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері)  — Славик Галстян (Армения, әлем және Еуропа чемпионатының қола жүлдегері);
  • Артур Саргсян (Ресей, әлем чемпионатының қола жүлдегері, PWL турнирінің 3 дүркін жеңімпазы)  — Габрэль Росильо (Куба, әлем чемпионы, Олимпиаданың қола жүлдегері);
  • Ақжол Махмұдов (Қырғызстан, екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері)  — Ибрагим Ганем (Франция, әлем чемпионатының алтын және күміс жүлдегері);
  • Айк Мнацаканян (Болгария, әлем екі дүркін қола чемпионатының жүлдегері) — Сергей Кутузов (Ресей, әлем чемпионатының күміс жүлдегері)/Сергей Степанов (Ресей чемпионы);
  • Кирил Маскевич (Беларусь, әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегері)  — Аик Хлоян (Армения, U23 санатта әлем чемпионы).

Әйелдер күресі

  • Жәмила Бақбергенова (Қазақстан, үш дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері) — Айпері Медетқызы (Қырғызстан, әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін Азия чемпионы).

Турнир ақпан айының 25-күні Алматыдағы Балуан Шолақ аренасында өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам