ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Ғұсман Қырғызбаев тағы бір Олимпиадаға баруды көздеп отыр

Десе де, ол Париж Олимпиадасынан кейін әлі жарыстарға қатысқан жоқ

olympic.kz
olympic.kz

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін ойындарға қатысуға ниетті. Бұл туралы балуан Sport+ телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, адамның жасы деген – жай ғана сандар, барлығы да денсаулық пен физикалық күш-қуатқа байланысты дейді ол.

«Егер мен келесі Олимпиадаға барсам, ол кезде жасым 35-те болады. Өздеріңіз білесіздер, Геннадий Головкин қырыққа дейін жұдырықтасты. Криштиану Роналду қырықтан асса да әлі футбол ойнап жүр. Жас деген ол тек сандар ғана. Кім еңбек етеді, бабында болады – сол жеңіске жетеді», - дейді Қырғызбаев.

Десе де, Олимпиада жүлдегері Парижден оралғалы бері әлі бірде-бір жарысқа қатысқан жоқ. Жанкүйерлері оны татамиден емес, той-томалақтан жиі көретін болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам