
Отандасымыз финалда ирандық Мұхаммед Әзиз Нагхаусиден жеңіліп қалды
Грек-рим күресінен 82 кг дейінгі салмақта күш сынасқан Омар Сатаев Иордания астанасы Аммандағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Отандасымыз финалда ирандық құрдасы Мұхаммед Әзиз Нагхаусиден жеңіліп қалды. Есеп: 1-3.
Ұлттық құрама спортшысы бүгін күндізгі сессияны ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея және Жапония өкілінің жауырынын жерге тигізген.
Еске сала кетейік, Мұхаммед Әзиз былтыр қазанда 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған (82 кг). Сондай-ақ жасөспірімдер арасында құрлықтың үздігі.
Ал Омар осыдан 3 жыл бұрын Бахрейндегі жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болған.
Осымен грек-рим күресінен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан қоржынында 2 күміс, 2 қола медаль бар.