«Ақыл-есі кем болған»: ресейлік паралимпиада жүлдегері соғыста қаза тапты

26.03.2025, 23:26

Туыстары оның қарызға белшеден батқанын айтып отыр

«Ақыл-есі кем болған»: ресейлік паралимпиада жүлдегері соғыста қаза тапты
ВКонтакте

Токио паралимпиадасының жүлдегері ресейлік Александр Работницкий Украинадағы соғыста мерт болды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, оның ақыл-есінде кемістік болған.

Пара спортшының туыстары оның ақшадан тарыққанын айтып отыр. Қарыздарын жабу және несиесін төлеу үшін ол Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасып, өз еркімен майданға аттанған болуы мүмкін.

Ал, пара спорт федерациясы Работницкийдің қазасын растап қана қоймай, оның соғысқа өз еркімен кеткенін ресми мәлімеді. Дегенмен, қандай жағдайда мерт болғанын ешбір орган әлі хабарлаған жоқ.

Александр Работницкий жеңіл атлетикадан Токио паралимпиадасының күміс жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионы. Ол сондай-ақ, Еуропа чемпионатында екі рет алтын, бір рет күміс жүлдегер атанған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам