Михаил Шайдоров АҚШ-тағы әлем чемпионатында үшінші орын алды

28.03.2025, 09:53

Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазық ысқа бағдарламада 94,77 ұпай жинады

Михаил Шайдоров АҚШ-тағы әлем чемпионатында үшінші орын алды
ҰОК

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті.

Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы өз бағдарламасы үшін 94,77 ұпай жинап, аралық үшінші орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламаны бірінші болып америкалық Илья Малинин (110,41 ұпай) аяқтады.

Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (107,09 ұпай) жайғасты.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 30 наурызға қараған түні өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам