Әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенованы жеңген жапон «вундеркинді» Амманда жеңіліп қалды

28.03.2025, 15:55

Жәмилә Бақбергенова болса жартылай финалға жолдама алды

Әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенованы жеңген жапон «вундеркинді» Амманда жеңіліп қалды
UWW

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында әйелдер күресінен 68 келіде басты фаворит саналған Азия және әлем чемпионы жапон қызы Ами Иши алғашқы белдесуінде-ақ, жеңілді. 

Ол жарысты ширек финалдан бастап, 18 жастағы үнді балуаны Манси Латерге есе жіберді. Үнді спортшысы финалға шыға алмағанына байланысты, Ами Иши медальға таласу мүмкіндігінен айрылды және Азия чемпионатын аяқтады. 

Ами Иши былтыр Тиранада өткен әлем чемпионатына 72 келіде бақ сынап, финалда отандасымыз Жәмила Бақбергенованы жеңген болатын.

Әлем чемпионатынан кейін ол өзінің үйреншікті салмағы 68 келіге ауысып, Жапонияда Император кубогында топ жарып, өз салмағының көшбасшысы атанған. Биыл ол Тиранадағы рейтингтік турнирде де алтын жүлдеге қол жеткізген.

22 жастағы Ами Иши 2022 жылдан бері Жапонияның бірінші нөмерлі балуаны болса да, Париж Олимпиадасына қатыса алмады. Парижге лицензияны өзі алғанымен, Жапонияның іріктеуінде Нонока Озакиден өте алмады. Нәтижесінде Нонока Озаки Олимпиадаға қатысып, қола медальға ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам