Жәмила Бақбергенова Азия чемпионатының финалында алтынға таласады

28.03.2025, 16:29

Енді финалда қытайлық Лю Юйцимен шеберлік байқасады

Жәмила Бақбергенова Азия чемпионатының финалында алтынға таласады
UWW

Иорданияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова финалға шықты.

Жартылай финалдық белдесуде отандасымыз жапониялық әлем чемпионы Масако Фуручиді 3:2 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық балуан қыз финалда қытайлық Лю Юйцимен шеберлік байқасады.

72 келіде белдесетін Жәмилә Бақбергенова алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Сихи Кимді 10:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Сондай-ақ, 53 келіде Зейнеп Баянова қола жүлде үшін Моңғолия балуанымен белдеседі. Ал 57 келіде Нулифар Раимова жүлдеден тыс қалса, 62 келіде Тыныс Дубек қола жүлде үшін жұбаныш белдесуін Оңтүстік Корея балуанына қарсы өткізеді.

65 келіде Гауһар Мұқатай ширек финалда жапон спортшысына жол берді. Алайда қарсыласының финалға шығуына байланысты отандасымыз жұбаныш белдесуіне шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам