
Еркін күрес шеберлері 29 наурызда жарыс жолына шығады
Күрес түрлерінен Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес балуандарының жеребесі тартылды. 97 келіде бақ сынайтын еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан алғашқы айналымда Индонезия балуаны Рудиансиянмен күреседі.
Ризабек алғашқы қарсыласын жеңсе ширек финалда Оңтүстік Корея мен Түрікменстан балуандарының қай жеңгенімен жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады. Жартылай финалда Олимпиада және әлем чемпионы, Бахрейн намысын қорғайтын дағыстандық Ахмед Тажудиновпен күресуі мүмкін.
Ахмед пен Ризабек өткен жылы Бішкектегі Азия чемпионатының финалында күресіп, Бахрейн балуаны жеңген болатын.
Өзге қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары келесідей:
57 келі
Рахат Қалжан - Ан Жаионг (Оңт Корея)
61 келі
Балғабай Мұхаммед - Дамшед Шарипов (Тәжікстан)/Ванхао Зоу (Қытай)
65 келі
Нұрсұлтан Садық - Жунсик Июн (Оңт Корея)
70 келі
Начын Куулар - Ерназар Ахметалиев(Қырғызстан)
74 келі
Нұрқожа Қайпанов - Магомедрасул Аслиев (Бахрейн)
79 келі
Дәулет Ергеш - Аширов Какмурат (Түркіменстан)/Мехди Мохаммед (Иран)
86 келі
Болат Сақаев - Батбилгүүн Наадамбат (Моңғолия)/Салимжон Халимзода (Тәжікстан)
92 келі
Азамат Дәулетбеков - Лин Зушен (Қытай)
125 келі
Нұрсұлтан Азов - Тайко Иамамото (Жапония)