Азия чемпионатында қазақ балуандары қанша жүлде иеленді

31.03.2025, 10:12

Отандық 30 бозкілем шеберлері 11 жүлде ғана иеленді

Азия чемпионатында қазақ балуандары қанша жүлде иеленді
Спортты дамыту дирекциясы

Иорданияда 25-30 наурыз күндері күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатыда қазақ балуандары екі алтын медаль ғана иеленді.

Күрестің жалпы үш түрі бойынша отандық 30 бозкілем шеберлері тек 11 жүлде иеленді.

72 келіде әйелдер күресінен сынға түскен Жәмила Бақбергенова мен жарыстың соңғы күнінде еркін күрестен Нұрқожа Қайпанов үздік шықты. Бақбергенова бұл сында Азияның төрт дүркін чемпион атанғанын ерекше айтуымыз керек. Ал Қайпанов құрлық біріншілігін үшінші рет бағындырып, сенімді ақтады.

Аталған сында грек-рим, еркін және әйелдер күресі ұлттық командасының көптеген балуандары сенімді ақтай алмады.

Жарыстың алғашқы екі күнінде белдескен классик балуандар 2 күміс, 2 қола медаль иеленді. Олардың ішінде Омар Сатаев (82 кг) пен Әлімхан Сыздықов (130 кг) финалға шыққанымен, шешуші сәтте есе жіберді. Сондай-ақ, Ибрагим Магомадов (77 кг) пен легионер Шәміл Ожаев (87 кг) үшінші орынға ие болды.

27-28 наурыз күндері әйелдер күресінен сын түскен қазақстандық бұрымды балуандардың арасынан тек екі балуан бір алтын, бір қола медаль еншіледі.

Еркін күрестен құрама балуандары 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді. Оның ішінде әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан үшінші жыл қатарынан құрлық біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. Ал жаңа салмақта Болат Сақаевта (86 кг) күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Азамат Дәулетбеков сары құрлық бәсекесінен алтыншы жүлдесін иеленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам