Әлия Юсупованың орнына ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды

08.04.2025, 13:11

Ол бұған дейін де танымал спортшыларды тәрбиелеген

Әлия Юсупованың орнына ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды
olympic.kz

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Лола Әділбекова тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті даңқты гимнаст Әлия Юсупова атқарған.

Лола Исламқұлқызы Әділбекова – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарының қатысушысы және 2002 жылғы Азия ойындарының командалық есебінде күміс жүлдегері.

Әділбекова бапкерлік қызметін 2010 жылы Шымкент қаласында бастаған. Соңғы жылдары ол Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды. 2018 жылы оған «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.

Лола Әділбекова қызмет жолында халықаралық аренада Қазақстан атынан өнер көрсеткен бірқатар талантты спортшыны дайындады. Олардың қатарында: Азия чемпионы және Азия ойындарының командалық жарыстарының жеңімпазы Даяна Әбдірбекова, жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың қатысушысы Роза Әбитова, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалисі Эльжана Таниева, 2023 жылғы Азия ойындарының командалық жарысында күміс жүлдегер атанған және жекелей көпсайыста қола медаль иеленген Милана Парфилова бар.

Әлия Юсупова Гимнастика федерациясының президенті қызметін жалғастыра береді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам