«Бильярдтан да чемпион»: Назым Қызайбай бокстан басқа да спортта үздік екенін көрсетті

09.04.2025, 15:25

Ол бильярд шеберлері ғана жасай алатын әдісті орындады

«Бильярдтан да чемпион»: Назым Қызайбай бокстан басқа да спортта үздік екенін көрсетті
instagram.com/nazym_kyzaibay09/

Жақында ғана Сербияда бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай бильярд ойынынан да үздік екенін байқатты.

Жақын достарымен кешкі басқосуда тастаяқпен емен ағаш үстелінде торға шар тоғытқан боксшы ерекше шебер екенін дәлелдеді. Ол бильярд үздіктерінің өзі сирек орындайтын әдіспен қос шарды бір мезетте көздеген нысанаға дәл түсірді.

Боксшының бұл өнеріне жақындары ерекше таң қалып, Назымның өзі де масаттанды.

Естеріңізде болса, наурыз айының 16-сы күні еліміздің бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанған боксшыны мемлекет басшысының өзі арнайы құттықтаған еді. Кейін елге оралған боксшы Қ.Тоқаевпен бірге наурыз мейрамын бірге тамашалады.

Сондай-ақ, Назым Қызайбай былтыр Париж Олимпиадасында 50 келіде қола жүлдеге ие болды. Ол жартылай финалға дейін жетіп, шешуші айқаста Қытай боксшысына есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды5
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам