
Ол 19 жастағы жапониялық Комеи Кавабатамен кездескен
Дзюдодан Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде 90 келіде күрескен Мейірлан Максим ширек финалда жеңіліс тапты.
Ол 19 жастағы жапониялық Комеи Кавабатамен кездескен. Қарсыласы бұл белдесуде 10:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейден келген бапкер-консультант Роберт Мшвидобадзе Мейірлан Максимді еліміздегі топ-дзюдошылардың қатарына қосқан болатын.
Еске салсақ, Азия чемпионатынан Қазақстан қоржынында әзірге үш қола медаль бар.