
Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп жатыр
Қазақстан құрамасының балуаны Ерасыл Қажыбаев елордада өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің финалына жолдама алды.
Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғауда.
Ерасыл жартылай финалдық бәсекеде грузиялық Иракли Деметрашвилиді жеңді. Оның финалдағы қарсыласы жапониялық Хега Ота болмақ.
Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқамұров пен Бақжан Байтас қола жүлде үшін бақ сынайды.