Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қазақстан шахматында тарихи жетістік тіркелді

20.05.2025, 10:20

Ең жаңа гроссмейстер Эдгар Мамедов шахмат тарихына енді

Қазақстан шахматында тарихи жетістік тіркелді
ҚШФ

Ақтау қаласының тумасы Эдгар Мамедов гроссмейстер атағына қол жеткізген еліміздегі ең жас шахматшы болмақ.

2010 жылы 18 маусымда туған Эдгар небәрі 14 жасында гроссмейстер атануға қажетті барлық талаптарды толық орындап шықты. Енді бұл мәртебелі атақ оған ФИДЕ Президенттік кеңесінің алдағы отырысында ресми түрде табысталады.

Эдгар Мамедовтың негізгі жетістіктері:
– GM нормаларын орындаған турнирлер:
Aktobe Open 2024 (В.Дворкович мемориалы), Испанияда өткен Аликанте және Менорка турнирлері.
– Эло рейтингінің 2500 межесін бағындыру:
Бұл нәтижеге Эдгар Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Шарджа қаласында өткен беделді халықаралық турнирде қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам