Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Каратэші Жоламан Биғабыл екі дүркін Азия чемпионы атанды

25.05.2025, 13:02

Ол былтыр Қытайда өткен құрлық біріншілігінде де топ жарған еді

Каратэші Жоламан Биғабыл екі дүркін Азия чемпионы атанды
Қазақстан каратэ федерациясы

Ташкентте каратэден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. Кумите бағдарламасы бойынша 55 келіде бақ сынаған Жоламан Биғабыл құрлық жарысының чемпионы атанып отыр.

Финалда ол өзбекстандық каратэші Хосимов Собитхонды кездескен болатын. Бұл жекпе-жекте Жоламан 1 ұпаймен жеңіліп тұрған. Алайда, қарсыласы соңғы секундтарда төбелеске бармай қашқаны үшін жарыстан шеттеділді.

Жоламан финалға дейін үш жекпе-жек өткізді. Алдымен тайпейлік Шен Иао-Венді 5:1 есебімен жеңсе, екінші кездесуде Непал спортшысы Моктан Сажаннан айласын асырды (7:0). Жартылай финалда малайзиялық Калияна Сандрамды 7:1 есебімен сан соқтырды.

«Чемпионат жақсы аяқталды. Мақсат орындалды. Финалдық кездесуім де жақсы өтті. Дегенмен, дұрыстап ашыла алмадым, өзбек спортшысының қателігі менің жеңісіммен аяқталды. Ешбір жекпе-жек оңай болмады. Қарсыластарымды зерттеп жақсы дайындалдық. Бапкерлердің тапсырмасын бұлжытпай орындадым деп ойлаймын. 

Бұнымен тоқтамаймыз. Алда үлкен жарыстар күтіп тұр. Соған дайындаламыз", - Жоламан Биғабыл жарыстан кейін.

Айта кету керек, Жоламан осымен екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанып отыр. 2024 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен құрлық біріншілігінде де ол топ жарған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам