Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Дайяна Даренская каратэден Азия чемпионы атанды

25.05.2025, 13:23

Бұл – Қазақстан қоржынына түскен екінші алтын медаль

Дайяна Даренская каратэден Азия чемпионы атанды
Қазақстан каратэ федерациясы

Қазақстандық каратэші Дайяна Даренская Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында -68 келі салмақта жеңімпаз атанды. 

19 жастағы спортшының бұл – ересектер арасындағы алғашқы үлкен жеңісі. Дайяна жастығына қарамастан өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. 

Алғашқы айналымда отандасымыз Біріккен Араб Әмірлігінің спортшысы Фатма Хасайфты жеңсе, екінші жекпе-жекте Гонконг өкілі Вонг Чеук Лиді тізе бүктірді (5:0). Ал, жартылай финалда индонезиялық Аль Хумайра Лубисқа еш мүмкіндік бермеді (8:0). Ақтық шешуші сында жапон қызы Кама Цубасаның осал тұсын тапты.

Бұл – Дайянаның мансабындағы үлкен үшінші жүлдесі. Өткен жылы ол жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарса, 2023 жылы  күміс жүлдеге қол жеткізген.

Еске салайық, бұған дейін Ташкенттегі жарыста қазақстандық каратэшілер жекелей сайыста 1 алтын, 4 қола медаль алған. Одан бөлек, командалық сайыста ерлер құрамасы қола медальға ие болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам