Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қазақстандық жасөспірім дзюдошылар Еуропа кубогында 11 медаль иеленді

25.05.2025, 11:53

Жиынға Қазақстан құрамасынан 17 спортшы қатысты

Қазақстандық жасөспірім дзюдошылар Еуропа кубогында 11 медаль иеленді
Қазақстан дзюдо федерациясы

Португалияның Сан-Жуан-да-Мадейра қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы «Millennium Team» Еуропа кубогы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан  жасөспірімдер құрамасы 11 медальға қол жеткізді.

Чемпиондар қатарына Арман Мыса (50 келі), Бақдәулет Қабдешов (60 келі),  Заманбек Бақтығали(66 келі) және Інжу Жұмажан (52 келі) енсе, Ульяна Пряхина(40 келі),  Әбіш Пердалы (50 келі), Нұрлыжан Тұрарбек (55 келі) және  Ернұр Батырғали (60 келі) күміс медальға ие болды.

Ал қола жүлделер қатарынан Әсел Русланова (48 келі), Арсен Елемес (55 келі), Расулхан Ғабит (55 келі) және  Мұхаммедали Жылқыайдар (66 келі) табылды.

Бұған дейін дюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Испанияның Бенидорм қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынын аяқтаған болатын.

Аталған жиынға Қазақстан құрамасынан 17 спортшы қатысып, шеберліктерін шыңдағаны айтылды. 17 мамыр басталған жаттығу жиынына 30-дан астам елден 1000-ға жуық татами шебері қатысты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам