Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Нұрқанат Әжіқанов – каратэден Азияның үш дүркін чемпионы

25.05.2025, 13:33

Ол Қазақстандағы ең титулды каратэшілердің қатарына енген

Нұрқанат Әжіқанов – каратэден Азияның үш дүркін чемпионы
Қазақстан каратэ федерациясы

Каратэден Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 75 келіде сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды. Осылайша ол осынау жетістігін үшінші рет қайталап отыр.

Финалда Нұрқанат Иран каратэшісі Мемати Мортезадан айласын асырды. 

Отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастаған. Алғашқы жекпе-жегінде ол үндістандық Маништерді 4:3 есебімен жеңсе, ширек финалда Филиппин спортшысы Батикан Алуиннен басым түсті. Жартылай финалда Иордания спортшысы Аль Нажар Саидтің осыл тұсын тапты (9:3).

Осылайша Нұрқанат Әжіқанов қатарынан үшінші жыл Азия чемпионатының алтынына қол жеткізді. Бұған дейін 2023 – Малайзияда, 2024 – Қытайда жеңімпаз атанған.

Айта кетейік, Нұрқанат Әжіқанов қазіргі уақытта каратэден табысты өнер көрсетіп жүрген қазақстандық спортшылардың бірі. Ол – әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ, Азия ойындарының жеңімпазы. Премьер-Лига жарыстарының жүлдегері.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам